ҒАЛЫМ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҮЗДІК ОНДЫҚТА!

Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсының» қорытынды кезеңін өткізді. Аталмыш байқаудың іріктеу нәтижесі бойынша Қостанай облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық пен философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалқаман Жақыптың ғылыми жобасы үздік ондыққа еніп, арнайы дипломмен марапатталды.IMG_6113
Қос профессор А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да қызмет етеді. Олар республикалық бәйгеге 2017 жылы өткізілген «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» атты ғылыми-ағартушылық экспедицияның қортыныдысы бойынша даңқты тұлғаға қатысты ғылыми зерттеу ұсынған. Алдағы уақытта ғылыми зерттеудің нәтижесін арнайы кітап етіп шығару жоспарланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓