ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Қостанай облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде «Конфессияаралық саладағы медиация» жобасын іске асырды.ФОТО-СОТ-1 (1)
Аталған іс-шараның мақсаты – медиативті келіссөздерді өткізу арқылы конфессияаралық дау, жанжалдардың алдын алу.
Бірінші кезеңде 250-ден астам тыңдаушыны қамтитын екі тақырыпты дәріс өткізілді. Оқыту  барысында медиацияның негізі, оның конфессияаралық және ұлтаралық негізде болған дау-жанжалдарды шешудің тиімділігі жеткізілді. БКБ арқылы дәріске әкімшіліктердің, ішкі істер органдарының, БАҚ өкілдері, мектеп басшылары, медиаторлар және психологтар қатысты.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, дін және қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізілді. Осы кездесуде баяндаушылар облыста аталған дау – жанжалдарға әкеп соғатын мәселелерді айқындады.  
Мәселелерді шешу бойынша әдістемелерді әзірлеу Орталықтың сарапшыларына берілді.       Екінші кезеңде Орталықтың сарапшыларымен семинар өткізілді, оның барысында елдің мемлекеттік конфессиялық саясаты, зайырлықтың негіздері, деструктивті және рұқсат берілмеген діни ұымдардың белгілері талқыланды.
Оқу барысында тыңдаушыларға әдістемелік ұсыныстар көрсетілген жұмыс кейстері ұсынылды. Сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар берілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓