Автовокзалдағы адасқақ
Қостанайда бір әйел баласын автовокзалда қалдырып кеткен, – деп хабарлайды Тенгри ньюс тілшісі.Басылымның мәліметінше, бала 17 маусымда шамамен сағат 20.40-та табылған. Оқиға орнына ювеналды полиция қызметкерлері барыпты.
Баланы күзет қызметкерлері тапқан. Олар аналар мен балаларға арналған бөлмеден баланың жылап жатқан даусын естіпті. Бала кереуетте жатқан. Жасы, шамамен, бір жарым жаста.
Қазіргі уақытта баланың анасын іздестіру жұмыстары басталды. Оған тәрбиешілер қарап жатыр.
Полиция баланың анасы жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 8-777-363-04-24 немесе 102.