Ақынмен кездесу

Қостанай гарнизоны әскери сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында ақын,  Жазушылар  одағының мүшесі Серікбай Оспановпен кездесу өтті. Іс-шараға қатысқан судьялар мен сот мамандары ақынның шығармашылығымен танысып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алуға тырысты.e97296f2-1f1e-4b78-80ee-259ebb913797
– Күнделікті жұмыстан бір сәт болса да бас көтеріп, қоғамның рухани жаңғыруына назар аударған жөн. Бүгінде халықтың өткені мен бүгінін саралауға, еліміздің мәдениетімен және тарихымен етене танысуына барлық жағдай жасалған. Танымал ақынмен жүздесу – осының айғағы, – дейді сот төрағасы Бекболат Тажмұхан.
Басқосу соңында Бекболат Жанғалиұлы сот қызметкерлерінің көңілін серпілтіп, көңіл толқынын шерткен өнегелі кездесу үшін Серікбай Оспановқа алғысын білдірді.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓