Ел сенімін еңселендірген

Тұңғыш президент күні қарсаңында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тарихын өзгерткен бастамалары талқыға салынды. Іс-шара барысында мемлекеттік мекемелердің басшылары мен саяси партиялардың өкілдері, қостанайлық белсенді жастар президенттің рөлі туралы өз пікірлерімен бөлісті.DSC_0642-600x400
 –Тұңғыш Президент күні барлық қазақстандықтар үшін маңызды. Мемлекет басшысының жемісті халықаралық бастамалары арқасында Қазақстан бүгінде әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі, жаһандық ядроға қарсы қозғалыстың танылған көшбасшысы, дамыған экономикасы бар елге айналды. Біздің мемлекет көптеген беделді халықаралық ұйымдардың: БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЮНЕСКО-ның мүшесі. Әрине, бұл мемлекет басшысының ұлт алдындағы ұлы қызметі, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Байменова.
Қоғам қайраткері Валерии Вишниченко еліміздегі Тұңғыш президент күні мерекесінің маңыздылығына тоқталып өтті.
– Мемлекет басшысының беделі әлемдегі қиыншылық кезеңдерден өтіп, халықаралық жағдай мен ел ішіндегі тұрақтылықты сақтай білуімен өлшенеді. Осы өлшеммен қарайтын болсақ, біз елбасыға құрмет көрсетуіміз керек. Себебі, ол елімізде бейбітшілік пен тыныштықтың сақталып, халқымыздың әл-ауқатының артуына барлық күш-жігерін салуда ,– деді ол.DSC_0668-600x400Басқа қатысушылар да мемлекет басшысының көптеген халықаралық жетістіктеріне тоқталды. Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыру, бизнес үшін жағдай жасау, отандық білім беруді дамыту секілді тақырыптарда өз ойларымен бөлісті.
Талқылауға қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
 
 Әсел Қибаш
Суретті түсірген  Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓