Ардагерлерге арналған экскурсия

IMG_6486сайтСарыкөлдік бір топ ардагерлер Қостанай қаласының көрікті жерлерін тамашалап, мәдени орындарды аралады.
Кенжебек Укин төрағалық ететін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы биылғы жылы ата-әжелерге ерекше қуаныш сыйлауда. Себебі, аталмыш ұйымның бастамасымен аудандардағы ардагерлер Қостанай қаласына саяхат жасауға мүмкіндік алып отыр. Күні кеше сарыкөлдік отыз шақты соғыс және еңбек ардагері облыс орталығына қонаққа келіп, шаһардың әсем жерлерін көріп, көзайым болды. Ардагерлерге арналған экскурсия ең алдымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан басталды. 
-Алыс ауылдардағы ардагерлерді елеп ескеріп, көңіл бөліп жатқаны қуантады. Экскурсияның арқасында Қостанайдың керемет жерлерімен таныстық. Мұндай жиын күнде бола бермейді. Аудандағы жасы үлкендердің басы қосылып, шүйіркелесіп жатырмыз. Біздер үшін бір-бірімізбен жүздесіп, сұхбаттасқанның өзі ғанибет,-деді еңбек ардагері  Арғынғазы Шәріпов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓