“Сыңғырла, балғын балалық шақ”

Жаз балалардың ең сүйікті мерекелерінің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күнінен басталады. Бұл күні Әулиекөл балалар кітапханасы саябақта ашық ауада "Сыңғырла балғын балалық шақ" атты мерекелік-ойын бағдарламасын өткізіп, жас оқырмандар үшін "Жазғы демалыста кітап әлемімен" атты жаңа кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ балалары шақырылды. Кітапханашылар мереке қонақтарын жаздың басталуымен құттықтап, барлық балаларға көңілді демалыстар мен  жаздың жайма шуақ күндерін тіледі.

Іс-шара барысында балалар әдеби викторинаның сұрақтарына белсенді жауап беріп, "Сөзді тап" сөзжұмбақтарын шешті, "Мақта қыз бен мысық", "Колобок" ертегілері бойынша "Ромашка" ойынын ойнады, мақал құрастырды, «Батпақ» қозғалмалы ойынына зор ықыласпен қатысты, "Буги, буги" әнін шырқап, би биледі. Мерекенің барлық қатысушылары тамаша көңіл күймен, асқан ризашылықпен тарқасты. Мереке соңында  балаларға тәттілер үлестірілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓