ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ
Құрметті қостанайлықтар!
1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыздың қабылдануы еліміздің тағдыры мен болашағын айқындап берген тарихи оқиға болды.
Қазақстанның және оның барлық азаматтарының барлық табыстарының негізінде Конституция мен оның нормаларының мызғымас беріктігі жатыр. Ата Заң елдің тұрақты да қалыпты дамуы, әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жедел іске асыру үшін негізделген.
Біз, қостанайлықтар, тәуелсіз мемлекетіміздің құрылысына белсенді атсалыса отырып, толайым табыстарға куә болдық. Бүгінде Қазақстанда жаңа әлеуметтік, мәдени, спорт нысандары бой көтеруде. Индуст-риалды, инвестициялық жобалар іске асырылуда, мемлекет тарапынан қабылдан-ған кәсіпкерлікті қолдау шаралары олардың дамуына кепіл болып отыр.
Конституция талаптарын ескере отырып, Қазақстанның халықаралық байланыстары нығаюда. Біз Еуразиялық экономикалық одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына ену шеңберіндегі ауқымды интеграциялық үдерістер алдында тұрмыз. Еліміз және Қостанай облысының инвестициялық әлеуетін, экспорттық мүмкіндіктерін ашу – осы үдерістердің басты қазығы болып табылады.
Қазіргі таңда, қазақстандықтар – мәдениет пен діндер диалогын дамытып, өз болашағына нық қадам жасаған білімді, әлемге құшағын ашқан қонақжай халық.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Сіздерге береке мен бақыт тілеймін, әр шаңыраққа бірлік пен татулық орнай берсін!
Н.Садуақасов,
Қостанай облысының әкімі.