БАСТЫ байлығымыз – ЕЛ БІРЛІГІ

thumb_700x394_324be95dd5181551267a33b36204eaa01995 жыл! Қазақ елінің Тәуелсіздігі айдай әлемге паш етілгеніне көп уақыт өткен жоқ. Бұрынғы алып ел – империя күйреді. Одан мұраға қалған экономика қожырады. Оның ауған жүгін түзету жолында ізденіс күшейді. Шекара шегеленді. Мемлекеттікті нығайту қадамдары жасалды. Алыс-жақын шетелмен байланыс орнатылды. Ешкімге ұқсамайтын Қазақстан жолы дүниеге келді.
Ал қай заманда болмасын басты байлық – ел бірлігі болған. Дана халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деп тегін айтпаса керек. Сондықтан да  болар сол 1995 жыл көктемінің алғашқы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сол Ассамблеяның алғашқы сессиясында Елбасы сөз сөйледі: Изображение 455«Мен елімнің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен  кең-байтақ  жерімде  татулық пен тыныштық болғанын тілеймін. Мұның, ең алдымен, миллиондаған қазақстандық отбасына керек екенін еске аламын. Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сәбилердің мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында қасірет шегіп,  жыламағанын қалаймын», – деді ол.
Енді, міне, жиырма жыл өткен соң сол сөздердің қаншалықты көкейтесті   болғанына көзіміз жетіп отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық, конфессия-аралық татулық пен ел бірлігінің пәрменді құралы. Бұл орайдағы Қазақстан тәжірибесі жалғанның жалпағына тарап, бүкіл адамзат мүддесіне қызмет етуде.
Бүгін Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтеді. Онда жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір сан ұлттың өкілі Ортақ үйіміз – Қазақстанның мерейін асырып, беделін асқақтатпақ!
Сәлім
     МЕҢДІБАЙ
СУРЕТТЕ: ұлттық-мәдени орталықтар мүшелері.
Суретті түсірген А.ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓