Маэстро

Жақында Алматы қаласының №6 оқушылар үйінің сахнасында «Өнерлі елдің өресі биік» атты республикалық ата-апалар арасындағы өнер додасы өтті. Аталған байқаудың мақсаты ескірген, ұмыт бола бастаған әндер мен күйлерді қайта жандандыру болды. Елдің түкпір-түкпірінен елге танымал өнерпаздар қатысқан сайыста жерлесіміз Сапарғали Ахметжанов озық шықты.
dav
55 жылға жуық уақыт мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан Сапарғали Ахметжанов Аманкелді ауданындағы өнердің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бүгіндері Сапарғали Ахметжанұлы 72 жасқа шықса да, өнерден алыс кеткен емес. Қазір Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі.
IMG-20181027-WA0095
– Қай ортаға кіріп барсам да «Торғайдың қазағымын» деп бастаймын әңгімемді. Сол кезде барлығы мойын бұрып, құлақ асады. Қостанай облысының Денисов, Федоров, Таран және Ақмола облысының Жарқайың, Сандықтау, Аршалы, Целиноград аудандарында қазақтың ұлт-аспаптар оркестрлерін ұйымдастырдым. Осы жасқа жеткенше қазақ өнерінің дамуына тамшыдай болса үлес қостым деп есептеймін, – дейді ағамыз.
IMG-20181027-WA0098 (1)
Расымен де, Сапарғали Ахметжанов Қостанай облысының ғана емес, Ақмола өңірінің өнерін өрге щығара білді. Мұны қазіргі әріптестері растайды. Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп директорының орынбасары Айгүл Сайлауқызының айтуынша, Сапекеңнің шәкірттері елдің әр қиырында жемісті еңбек етіп жүр.
– Ағайды 1999 жылдан бері танимын. Білмегенімді осы кісіден үйреніп жатырмыз. Нәтижесінде біздің мектептің домбыра оркестрі 2001 жылы «халықтық ұжым» атағына ие болды. Қазірдің өзінде республикалық байқаулар, «Асыл мұра», «Ақ көгершін» сынды іс-шараларда домбыра оркестрі – басты тірегіміз. Сапар ағайсыз мектепте концерт басталмайды. Биыл ол жаңа команда жасақтады. 42 балаға домбыра үйретіп жатыр, – дейді ол.
IMG-20181026-WA0057
Дәстүрлі музыканы дамытуға атсалысып жүрген санаулы жандардың бірі, «Халық мұғалімі» атағының иегері Сапарғали Ахметжановты ел біледі. Мәдениет – біздің шынайы келбетіміз. Бұл жерде ішкі жан дүниеңмен бірге сыртқы әлемді біріктірудегі үлкен жұмыстарды атқару жалғыз адамның қолынан келмейді. Жуырда Ақмола облысына барып, ағамыздың әріптестерін сөзге тартқан болатынбыз.
 
1Тазагүл Тналина, Аршалы ауданы мәдениет үйiнің директоры:
Анда-санда дайын концертті тамашалап, соны көрудің өзінде шаршайтынымызды ескерсек, сол бір концертті сахна төріне әкеліп, тыңдармандар үшін ұсына білуде осы шаңырақ қызметкерлерінің еңбегі ерен екенін білмей, лайықты қошеметтемей де жатамыз. Алайда, өнер адамдарының әрбір минуты ерекше. Мен аудандағы мәдениет үйін 2003 жылдан бері басқарып келемін. Кейінірек белгілі диржер, өнер ұйымдастырушысы Сапарғали Ахметжановпен таныстым. Ол кісімен танысқалы еңбекке деген ерік-жігері, табандылығымен көзге түсіп үлгерді. Сол кісінің арқасында аудандағы өнер саласы жоғарғы табыстарға жетті. Көптеген жасты өнерге баулыды. Мұндай адам аудан тарихында мәңгілік қалады.
 
 
dav

dav

Айгүл Сүйінжанова, Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
Сапарғали Ахметжановты 2000 жылдардың басынан білемін. Ол кісі – өнер ұстазы. Алдымен, өзінің үйінде, содан соң өнер өлкесіне келген жастардың жол бастаушысы. Мұндай азаматтардан көп үйрену қажет. Шынымды айтсам, қазіргі уақытта нағыз идеолог адамдар сирек қой. Ал Сапар ағай сондай кісілердің қатарында. Өзім мемлекеттік органдардан бастап, әр түрлі салаларда қызметте болдым. Сөйтіп, мәдениет саласына келдім. Бұл сала бойынша да атқарылатын жұмыстар жетерлік. Мәдениет тек ән айтып, билеу ғана емес. Мұнда жастарды тәрбиелеу, сапалы кадр қалыптастыру мәселелері де бар. Солардың барлығында ақыл-кеңесін беріп отыратын адам қажет. Сапар ағамыз бұл «жұмысын» өте жоғары дәрежеде орындап жүр дер едім. Жыл сайын «Ақмола жұлдыздары» деген байқау өтеді. Сапар ағайдың шәкірттері үнемі биік тұғырда. Нәтижелі істерінің арқасында 2017 жылы «Целиноград ауданының құрметті» азаматы атағын алды.

davГүлшат Молдабаева, Зеренді балалар музыка мектебінің директоры:
1974 жылы Аманкелді ауданында музыка мектебі ашылды. 4-сыныпта оқитын кезім. Аманбай Мұқышев ағай сабақ береді. Сол кісі дарыны бар балаларды музыка мектебіне баруға үгіттеді. Сол жылы 26 жастағы Сапарғали Ахметжановтың шәкірті атандым. Өзім музыканттар отбасынан шыққан соң ба, Аманкелді мен Амантоғайда мәдениет саласындағы мәдение шаралардан қалмадым. Сапар ағай Сәлім Ізтілеуов, Роза Ибраева сынды әнші-күйшілер және мені 1979 жылы Көкшетаудағы музыка колледжіне әкеліп түсірді. Колледж директоры Манарбек Бексейітовтің: «Әке-шешесі емес, музыка мектебінің мұғалімі балаларды өзі оқуға түсіруге алып келіп тұрғанын бірінші рет көруім», – деген әлі есімде. Ақыры, Манарбек ағамыз мені Көкшетауда қалдырды. Сапар ағай бізді оқуға түсіремін деп жүрп, өзі Алматыға барып, білімін жалғастыра алмады. Бірақ, бізге бір рет те ренжіген емес. Ағайымнан үйренгенім көп. Ол кісі маған 4 жыл бойы баяннан сабақ берді. Осы Көкшетаудағы колледжде 4 жыл бас қобызды үйрендім. 1983 жылы Амантоғайға қайта келдім. «Беу, қыздар-ай!» атты вокал ансамблін құрдық. Концерттік гастрольмен шетелдерде болдық. Уақыт өте берді. 1994 жылы белгілі себептермен Көкшетауға көшіп келдік. Қазіргі уақытта Зеренді ауданындағы музыка мектебінде директормын. Мектеп қабырғасынан басталған өнерім әлі аяқталған жоқ. Қазірге дейін қолымнан қара баяным түскен емес. Осылардың бәрі Сапар ағайдың арқасы. Осы ретте әкем  Башарин Қажығалиев туралы айтпай кете алмаймын. Оны Торғай жұрты жақсы біледі. Аманкелді ауданына нотаны енгізген де менің әкем екен. Мұны көзкөргендер айтып отырады. Аудандағы бірінші отбасылық ансамбль Қажығалиевтер отбасына тиесілі. Жалпы, өнер жолына келгеніме, Сапар Ахметжанов сияқты кәсіби маманмен жолыққаныма қуаныштымын.
 

dav

dav

Тоқтарбек Қалдырбаев, Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
Жалпы, халық шығармашылық орталығы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұнда мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру, мониторинг және әдістемелік бөлімдері бар. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мәдениеттің дамуы басты назарымызда. Мәселен, төл өнеріміз айтысты шама-шарқымызша дамытуға күш саламыз.  Қараша айының соңында тұңғыш президент күніне орай аймақтық айтыс өткіземіз. Оған Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының жас ақындары қатысады. Жалпы, Ақмола облысында 17 аудан,2 қала болса, олардың барлығы мәдениет саласында өзіндік орны бар.  Соңғы жылдары өңіріміздегі халық шығармашылығының дамуына бір серпін берген бірден-бір тұлға – Сапар Ахметжанов. Ол кісімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Әр ауданда ұлт-аспаптар оркестрлері, халық ансамблдері болатыны белгілі. Дегенмен олардың бәрінде кәсіби мамандар емес, сол себепті музыкаға қадам басқан әркімге өнерін шыңдау маңызды. Осы тұрғыда Сапар ағамыздың еңбегі зор. Мысалы, «Ақмола жұлдыздары» байқауының өзінде ағамыздың өнерге шын берілген адам екеніне көз жеткіземіз. Ерінбей аудандарды аралап, бірлескен оркестр шығарды. Көңілі ақ, кеңес беруге дайын тұратын Сапекеңе алғысымыз шексіз.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓