“Сергек” болмай, селсоқтық азаймайды
Биыл мемлекеттік нөмірлік белгі бойынша көліктерді анықтау және іздеу функциясы бар, ереже бұзушыларды тіркеудің кең спектрі қамтылған "Сергек" автоматты бағдарламалық кешенінің 60 данасын орнату жоспарланып отыр.
"Ережені қасақана бұзатындар азаймай отыр. Олар жол үстіндегі басқа адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Осы мақсатта біз "Қорғау" бағдарламасын енгізетін боламыз. Сәуір айынан бастап, ол Қостанай облысында қолданылатын болады. Ол жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол ережесін бұзған және айыппұл төлемейтін автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді", – дейді облыстық ПД бастығы Е.Омарбеков
Қостанай облысында шамамен 30 мың камера бар екен. Былтыр камералар көмегімен 300 қылмыс ашылған, 42 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліпті.
Биыл облыс орталығы аудандарының криминогендігін талдау негізінде тұрғын үйлердің аулаларында 1000 бейне камера орнатылмақ.
Биыл облыс орталығы аудандарының криминогендігін талдау негізінде тұрғын үйлердің аулаларында 1000 бейне камера орнатылмақ.