Симментал тұқымының палатасы құрылады

Облыста ірі қараның симментал тұқымы республикалық палатасы құрылатын болды. Мұндай шешімді қара малдың осы түрін өсірумен айналысатын кәсіпкерлерден құралған ынталы топ өкілдері қабылдап отыр. Олар бірқатар мәселелерді шешу үшін біртұтас орган қажет екендігін айтады.14964922
-«Асылтұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР заңына сәйкес әрбір асылтұқымды қара малға арналған республикалық палата жұмыс істеуі керек, оның облыстар мен қалаларда өз бөлімшелері болуы заңды,-дейді облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте «Агрогенетикс» ЖШС жетекшісі Марк Гумеров.- Қазақстанда 57 000-нан астам симментал тұқымды сиыр бар. Оның көп бөлігі біздің облысқа тиесілі. Сондықтан, палатаны біздің облыста құруға шешім қабылдап отырмыз.
Марк Гумеровтың сөзінше, симментал тұқымына субсидия төленбейді. Бұрын әр басқа 20 000 теңгеден берілсе, қазір тек асылтұқымды бұқалардың ұрығын сатып алуға ғана субсидия төленеді. Оның өзінде табынды басқару жөніндегі бағдарлама болса ғана 12 млн теңге беріледі.
-Бұл шағын шуаруашылықтар үшін өте қомақты ақша,-дейді Марк Гумеров.- Алайда, субсидия тек сырттан әкелінетін қара малдарға ғана төленеді. Ал біз отандық төлдерге де төленгенін қалаймыз.
«Фрунзенское» ЖШС, «Баталы» ЖШС және «Железнодорожное» ЖШС-нің өкілдері баяндамашының бұл ұсынысын қолдап отыр. Олар қара малдың симментал тұқымының палатамын құруға бірауыздан дауыс берді.
-Кеңеске қатысушылардың бәрін тұқымның «тазалығы» ойландырады, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов. – Біз өз тарапымыздан сіздерді әрдайым қолдауға әзірміз.
Қара малдың симментал тұқымы палатасының құрамына тек қана кәсіпкерлер емес, ғалымдар, мал дәрігерлері енді. Ал палат кеңесінің төрағасы болып «Баталы» ЖШС-нің директоры Жансарт Ахметов, директоры болып Марк Гумеров тағайындалды.
Жақын арада палата әділет органдарында тіркелмек. Содан кейін палата басшылығы еліміздегі симментал тұқымын өсірумен айналысатын басқа да шаруашылықтардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓