Жарылғыш жеткіншекті саусақсыз қалдырды (14.00-де жаңартылды)

Қостанайда жеткіншек оқ-дәрі заряды бар қағаз снаряд (петарда) атамын деп саусақтарынан айырылды. Жапа шеккен 10 және 13 жастағы балалар облыстық ауруханаға 14 қаңтар күні жеткізілген. Ересегінің жағдайы мүшкілдеу. Бұл туралы облыстық ІІД-не сілтеме жасап "Алау" сайты хабарлайды.петарда
"Полицейлер балалардың белгісіз заттан жарақат алуы туралы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Зерттеу барысында сырттай петардаға ұқсайтын затқа сараптама жүргізілді және оқиғаның себебі анықталды", – делінген ІІД баспасөз қызметі берген мәліметте.
Айтылу бойынша, жарылыс балалардың бірінің бірнеше саусағын жұлып кеткен, бет-аузын қатты күйік алып, көп қан жоғалтқан. 
Оқиға туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі "Қостанай ақпейілдерінің клубы" парақшасында да жазылыпты. Жарияланымда жапа шегуші балалардың ата-аналарының атынан екі жеткіншек түсініксіз нәрсені тұтатып, жарылыс салдарынан ауыр жарақат алынғаны туралы жазылған.инста
"Менің отбасымда келеңсіз жайт болды. 13 жасар немере інім және 10 жасар туған бауырым белгісіз зат тауып алып, петарда деп ойлап, білтесін тұтатып жіберген. Салдары өкінішке соқтырды – үлкені жан сақтау бөлімінде жатыр. Жарылыс толқыны оның бірнеше саусағын жұлып әкеткен, көп мөлшерде қан жоғалтты. Кіші інімнің жолы болды, дәрігерлер қауіптің жоқ екенін, апта өткен соң жүгіріп кететінін айтып отыр", – деп жазады қостанайлық.
Кейінірек "КН" сайтында ауруханада жатқан балалардың суреттері мен есімдері жарияланды. Саусақтарынан айырылған баланың аты-жөні – Данил Калаткин. Ал 10 жасар жеткіншек – Владислав Морозов. Оның бетін, көзін және мойнын күйік шалған.петард
(Сурет "КН" сайтынан алынды)
"Олар Гашек көшесі маңайынан тауып алған жарылғыш зат петардаға ұқсамайды, граната деп те кесіп айтуға келмейді",- дейді мамандар.граната
(Сурет "КН" сайтынан алынды)
Мамандар мәселенің анық-қанығын білуге әрекеттену үстінде…
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓