Қостанайға АҚШ инвесторлары келді
Қостанай облысына АҚШ-тан 18 делегат келді. Меймандар іссапарының мақсаты – Тобыл өңірінің Агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін барлау. Делегация құрамында Tyson Fresh Meat Inc., Global Beef Investors, ANIMART Dairy & Livestock Solutions, VALLEY, VALMONT Irrigation, 3rd Millennium Genetics LLC сынды белгілі әлемдік компаниялардың жетекшілері мен акционерлері және қазақстандық кәсіпкер, KUSTO GROUP Директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев бар.




Жалпы, делегация тек ет саласында ғана емес, өсімдік дақылдарын өсіруде, сүт өнімдерін өндіруде және т.б. жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Күннің екінші жартысында олар Жітіқара ауданына барды. Ертең, яғни 10 қарашада олар облыс әкімі А.Мұхамбетовпен кездесіп, іссапар қорытындысы ретінде ықтимал әріптестікті нақтылы түрде талқыға салады.

АНЫҚТАМА ҮШІН:
Tyson Fresh Meat Inc. – Tyson Foods, Inc. компаниясының еншілесі. Ол сиыр және шошқа етін жеткізуші әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі. 1960 жылы құрылған. Орналасқа жері Оңтүстік Дакота (АҚШ). Оның өндіріс аумағы барлық Солтүстік Американы қамтиды.
Global Beef Investors компаниясы жаһандық нарықта мүйізді ірі қараны өрістету, генетикасы мен азығын дамыту тұрғысындағы мәселелердің шешімдерін табуға атсалысады.
ANIMART Dairy & Livestock Solutions компаниясын 1982 жылы ветеринаром Джим Мец және оның жұбайы Рут екеуі құрған. Штаб-пәтері Висконсин штатындағы Бобр-Дам қаласында орналасқан. Ол сүт өнімдері мен мал шаруашылығы саласындағы түйткілдердің кешенді шешімімен қамтамасыз етумен айналысады.
Valmont Industries, Inc. компаниясы – ауыл шаруашылығы өнімдері үшін инфрақұрылым мен нарықтарға арналған өнімдер мен қызметтерді жетекші өндіруші және дистрибьютор. Оның еншілес компаниясы Valley Irrigation – суару технологиясын дамытуда индустрияның сенімділігімен (25 миллион акрды суару арқылы) механикаландырылған суармалы жабдықтардың әлемдік көшбасшысы.
3rd Millennium Genetics LLC компаниясы – тұқым өнеркәсібінде қызмет көрсету және зерттеумен шұғылданады. 2005 жылы Санта-Исабельде (Соломон аралдары) құрылып, қызметін Оливияда (Миннесота штат, АҚШ) 2013 жылы кеңейтті.
Kusto Group Inc. холдингтік компания. Ол құрылыс материалдарын, мұнай және газ өндірумен, энергетикамен, азаматтық құрылыспен айналысады. 1998 жылы құрылды, орналасқан жері – Сингапур. Сондай-ақ, компания Вьетнам, Қытай, Таиланд, Үндістан, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Украин, Түркия, Грузия және Канада мемлекеттерінде жұмыс істейді.