Баспанамен қамту 5 есеге артпақ

Жыл басынан бергі 9 айда Лисаков қаласының негізгі экономикалық көрсеткіші айтарлықтай өскен. Басты дамуы өндірістік кәсіпорындарға тікелей қатысты шаһардағы өнім көлемі 38 млрд теңге немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 136%-ға жетіп отыр. Тау-кен саласынан 31 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 45%-ға артқан. Ал өндірістік ксәпорындардың қайта өңдеу секторы 4,9 млрд. теңгенің өнімін шығарып, былтырғыдан  2,8% артық көрсеткішке жетіп отыр.IMG_0652
Аймақтық коммуникация қызметінде Елбасының Жолдауын іске асыру шеңберінде экономикалық өсуінің инвестициясы тақырыбында брифинг өткізген Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов бұдан бөлек салалардағы жетістіктерге тоқталды. Бұл орайда шаһардағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, экономикалық өсу факторы ретінде адамдық капиталды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саяси шаралар, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын орындаудың негізгі көрсеткіштері, мемлекеттің жеке бизнесті тұрақты қолдауды арттыру қамтылған.
– Көпшілікке мәлім, қазіргі таңда «Өркен» ЖШС саналатын кезіндегі тау-кен байыту комбинаты негізінде құрылған алып кәсіпорынға қарасты темірдің геологиялық қоры 6 млрд тонна болғанмен, руда сапасының төмен екені өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі күні темір рудасын фосфорсыздандыру жобасы бойынша жұмыс қайта қолға алынып, компанияның инвестиция тарту науқаны жүргізіліп жатыр. Бұл өндіріс ошағының әлі ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болмақ. Ал жалпы инвестициялық капитал жылдың алғашқы екі айында 15,4 млрд теңгені, яғни, өткен жылға қарағанда 1,8 есеге артса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеден асып жығылады деп болжап отырмыз, – деді А.Исмағұлов.IMG_0662
Бұдан бөлек, құрылыс жұмыстарында да айтарлықтай  өсім болса, тұрғын үй тапсыру 1001 шаршы метрге жеткен. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен басталған 60 пәтерлік арендалық тұрғын үй келер жылы пайдалануға берілмек екен. Ал биыл «Қазақстан Алюминийі» АҚ кен басқармасының қызметкерлеріне арналған көлемі 3,6 мың шаршы метрлік 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталмақ. Мемлекеттік-жекеменшік серістестік аясында «СпецСтальКонструкция» ЖШС инвестор болуымен жатақхана ғимараты 16 пәтерлі арендалық тұрғын үйге айналады. Осындай ілкімді науқанның нәтижесінде шаһарда жыл аяғына дейін баспанамен қамту былтырғыға қарағанда 5 есеге артып, 5840 шаршы метрді құрағалы отыр.Рисунок1
Жалпы, Лисаков энергия үнемдеу жағын жүйелі қолға алған қала. Қазіргі уақытта ондағы 1850 шарықшамның 60%-ы үнемделген тәртіпке көшкен. Қала әкімінің баяндауынша, келер жылы осындай 900 жарықшам орнатылып, шаһар көшелерінде толығымен үнемделген жарық берілетін болады. стем
 
стам– Қалада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жалпы білім беру орындарынан бөлек, мектепке дейінгі мекемелерде кеңінен орындалуда. Балалардың жан-жақты қалыптасуы үшін барлық балабақша Lego конструкторлық жинақтарымен қамтылды. Ал екі жыл ішінде барлық мектеп робот техникаларының құрал-жабдығымен қамтылып отыр. Биыл №4 орта мектепте инженерлік, бағдарламалау, робот техникасы мен 3D модельдеу бойынша STEM-зертханасы орнатылды, – деді қала басшысы.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суретті түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓