Әлеуметтік саланың үздіктері марапатталды
Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік қолдауға мәжбүр жандардың жанынан табылып, мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға қамқор болып, қолұшын беріп жүрген мамандық иелері аз емес. Солардың бірі – әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері.



-Президент Жарлығымен 2011 жылы 28 қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің төл мерекесі болып бекітілген болатын. Бұл аға буын өкілдеріне, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ұдайы қамқорлық танытып отырған қызметкерлерге Елбасының көрсетіп отырған орасан құрметі деп білеміз. Ал, бұл зор үмітті ақтау – сіздер үшін үлкен жауапкершілік. Бүгінде еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатырмыз. Біздің азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бен күнделікті қызметтеріңізге байланысты. Бұл тұрғыда сіздер де аянбай тер төгіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың игілігі үшін қызмет етіп келесіздер. Сіздердің осындай қиын да, жауапты еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен облыс әкімі Архимед Бегежанұлының атынан шын жүректен құттықтаймын. Отбастарыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін, – деді М.Жүндібаев.



Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков