5 мың адам тұмауға шалдыққан
Қостанай облысында 5 мыңнан астам адам вирустық инфекция жұқтырған. Оның жартысынан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Осынша науқас эпидемиялогиялық кезеңде, яғни 1 қазаннан бастап ауруханаға жүгінген. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіндегілердің мәлімдеуінше, мұндай көрсеткіш күзгі және қысқы кезең үшін қалыпты жағдай. Айтуларына қарағанда, бұл сан жылдағыдан әлдеқайда төмен. Өткен жылы инфекция жұқтырғандар саны сегіз мыңнан асып жығылған.
Айта кету керек, облыс көлемінде 97,4% пациент тұмауға қарсы екпе жасатқан. Яғни бұл – 40 мың адам.