Екі жылдың есебі тыңдалды

Қостанайда өңір басшысы А.Мұхамбетовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының XХV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

2Кезекті конференцияда облыстық партия ұйымы активінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары қорытындыланды. Екі жылдың есебін берген облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев табысты іске асырылған партиялық жобалар туралы толығырақ баяндады. Атап айтқанда, «Балалар үшін тегін IT-кластары», «IT-мамандарды даярлау», «Геоақпараттық онлайн қызмет», «English for jastar» сияқты жаңа жобалардың нәтижелері жақсы көрінеді. Партия жобасы аясында Жітіқара ауданындағы № 3 орта мектепте ашылған IT-сыныпқа бірінші күннен бастап 25 бала оқуға келсе, бүгінде олардың саны 72-ге жеткен.

4«IT-мамандарды даярлау»  жобасы шеңберінде Қостанай қаласындағы жоғары политехникалық және индустриалдық-педагогикалық колледждерінің базаларында 2 IT-орталық ашылуда. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде мобильдік қосымша, web-парақтар, жоғары деңгейдегі бағдарлама тілдерін қолданатын интернет сайттар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша 3-6 айлық қысқамерзімді білім беру бағдарламалары іске асырылмақ. Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі базасындағы  IT-компетенциясы орталығында 3D-модельдеу, IT-технология және робототехника оқу кабинеттерін сатып алуға 35 млн. теңге бөлінген.

– Біздің алдымызда енді осы қарқынды төмендетпей, заманауи құрылғылармен жабдықталған IT-кластарын ашуды жалғастыру мақсаты тұр. Естеріңізге сала кетейін, облыс әкімі екі жыл ішінде жыл сайын 50 IT-кластан ашу міндетін қойған болатын. Мұндай жаңашылдық балалардың зор қызығушылықтарын туғызуда,- дейді Жаңабай Бисимбаев өз сөзінде.

3Биылғы қыркүйек айында облысымыздың 7 ауданында іске қосылған (Аманкелді, Денисов, Жанкелдин, Сарыкөл, Таран, Федоров) «English for jastar» жобасының берері мол. Бұл бастама ауыл жастарына ағылшын тілін үйретуге арналған. Жобаны іске асыруға 11 ерікті, оның ішінде облыстың үш жоғары оқу орнынан 9 студент және Жітіқара политехникалық колледжінен бір оқытушы, сонымен қатар ағылшын тілін жетік меңгерген ерікті Мұхаммад Фарук Ан-сари Пәкістаннан арнайы келді.

Конференция жұмысында баяндама жасаған партия белсенділері, бастауыш партия ұйымының төрағалары  түрлі бағыттағы партия жұмысына қорытынды жасады. Конференция барасында облыстық  партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, шақырылғандар мен делегаттардың қатысуымен оның алғашқы отырысы өтті. Іс-шара соңында облыс әкімі А.Мұхамбетов белсенді қызметі мен ерен еңбегі үшін бірқатар партия мүшелерін алғыс хаттармен марапаттап, жұмыстарына табыс тіледі.

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓