Іздеу жалғасып жатыр
Қостанайлық полицейлер 2006 жылы туған мектеп оқушысы Александр Рябухинді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай облысы ІІД қызметкерлері 20 қазан күні үйінен шығып кеткен 12 жасар Александр Рябухинге іздеу салды. «Егер баланы көрсеңіздер, бірден полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Оқушының бойы – 150-160 см, арық денелі, шашы қысқа. Үстінде мектеп формасы, қара түсті куртка мен шалбар болуы мүмкін.
Александр Рябухин туралы ақпаратты мына телефондар арқылы да хабарлауға болады: 8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12.