Өндірістегі үздік маман

«ССКӨБ» АҚ жұмыскері Еркебұлан Мэлсов республикалық «Еңбек жолы» конкурсының лауреаты атанды. Марапаттау рәсімі Астанада Еңбек күніне арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» атты республикалық форум аясында өтті.indexә
Еркебұлан Жамбылұлы Рудный индустриялық институтын «Электр энергетикасы және жылуэнергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бүгінде Сарыбай кен басқармасында энергетиктің дублері қызметін атқарады. Еңбек өтілі екі жылдан енді асқанымен жас маман өзінің жұмысқа деген ынтасымен, алғырлығымен және тапқырлығымен көзге түсті. Дзюдо, самбо және қазақша күрес сияқты спорт түрлерінен өткен қалалық және облыстық жарыстардың жүлдегері.
Айта кетейік, Еңбек күні мерекесі Мемлекет басшысының Жарлығымен 2013 жылы енгізілген. Мақсат – егеменді Қазақстан экономикасының қалыптасуы мен дамуына үлес қосып келе жатқан адал еңбек иелеріне құрмет көрсету.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓