Жастар кеші көңілді
15 сәуірдің "Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні" деген атпен мерекеленіп жүргеніне біраз болды. Әсіресе, қазақ жастары арасында кеңінен тойланады. Осы күнге орай Қостанайдағы «Толқын» студиясының қыз-жігіттері «Махаббат, қызық мол жылдар» іс-шарасын ұйымдастырды.



Концерттің бағдарламасындағы «Ғашықтар» қойылымы көрермендерге ерекше ұнағаны байқалды. Жиналған көпшілік бірнеше жұптың өнеріне тәнті болып, қолпаштап отырды. Қойылымнан соң ортаға асабаның шығуы күтпеген жағдай еді. Асаба тойдың көркін қыздыра түсті. Көрермендерді іс-шараға араластыру үшін әртүрлі ойындар ойнатты. Ойынның жеңімпаздарына және өнер көрсеткен жастарға «Баян сұлу» фабрикасының тәттілерін сыйлыққа берді.


Қ.Досжанова
Суреттерді түсірген А.Жүзбай.