Апатқа кім кінәлі?

Полицейлер алкоголь өнімдері тиелген КамАЗ көлігі мен локомотивтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.20181026180539
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Қостанайдағы филиалына тиесілі локомотив КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.
«Оқиға «Жітіқара-Пригородный» теміржол бағытында болды. КамАЗ жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігіне көз жеткізбей, рельс үстінде келе жатқан локомотивке соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болған жоқ» , – деді Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.
Аталған факт бойынша КамАЗ жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓