Баталовқа көлік сыйлады
Архимед Бегежанұлы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа Қостанайда құрастырылған «Пежо» автокөлігін сыйға тартты. Өз кезегінде Амандық Баталов бұл көлікті Талдықорған қаласындағы балалар үйіне беруге уәде етті. Бұдан соң Баталов электронды автокөлікке отырып көрді. Сондай-ақ, алматылықтар Қостанай автозауытынан 50 трактор, 35 қоғамдық көлік сатып алмақ.
Сапар соңында экономикалық жағынан әлеуетті қос өңір өзара әріптестікке келісіп, ортақ меморандумға қол қойды.
Сурттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.