Білікті заңгер қабылдайды

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы бизнес өкілдерін қабылдайды. Владимир Шакун бизнес субьектілері мен құқық қорғау мәселелері бойынша қабылдауды облыстық кәсіпкерлік палатасында өткізеді. Алдын ала жазылым күн сайын сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, ол үшін  8(7142)394-208, 8 (777)634 35 55 телефондарына қоңырау шалсаңыз болады.шакун
Айта кетейік, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекетттік қызмет, прокуратура, БАҚ өкілдері бар.
Үстіміздегі жылы осындай тоғыз отырыс өткен болатын. Нәтижесінде өңірлік кәсіпкерліктің бірақатар мәселелері шешімін тапты.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  кеңесті Владимир Шаукун басқарады. Оның заң органдарынағы қызметтік өтілі 37 жыл. Ол еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған. 1984-2016 жылдар аралығында облыстық сотта – апелляциялық алқа судьясы,қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы,апелляциялық сот алқасының төрағасы болып қызмет атқарды. Заң ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ  Қостанай филиалының профессоры.
Әлібек  ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓