Оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді
Арқалықтағы қызды құтқарып қалған полицей оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Polisia.kz

– Біз бірден оқиға болған мекен жайға бардық, менің серіктесім Руслан Қапсаматов жоғарыға шығып, мен төменде қалдым. Біз оның балконға шығуына көмектесу үшін немесе құлаған жағдайда оны қорғау үшін тез әрекет етуіміз керек еді, – дейді полиция қызметкері.

– Мен оның құлайын деп жатқанын көргенде, дұрыс қимылдауға тырыстым, өйткені мұндай биіктіктен құлау үлкен қауіпті. Соққы қатты болды, бірақ мен құлаған қыз үшін қатты уайымдадым, оған дереу жедел жәрдем шақырылды. Физикалық дайындықтың арқасында қыз аман қалды. Себебі, әріптесім екеуміз үнемі жаттығамыз, өйткені біз әртүрлі күтпеген жағдайларға тап боламыз. Соған дайын жүруіміз керек, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.
Құлаған қыз құтқарылған өмірі үшін полицейге алғыс айтты.