Құрылыстың қарқыны қалай?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Ирина Аронова, Асылбек Смағұлов, Василий Олейник, Сергей Симонов, Әлия Сапарова жұмыс сапарларымен Қостанайға келді. Халық қалаулылары Елбасының биылғы 5-қазандағы Жолдауын халыққа түсіндіру және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының орындалуымен танысу үшін шаһардағы бірнеше нысандарды аралап көрді.

Сайт 2Мәжілісмендер қаладағы  «Юбилейный» шағын ауданындағы құрылыс барысымен танысқан болатын. Қазіргі уақытта шағын ауданда 25 үйдің, яғни 2172 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Шағын аудан құрылысында 380 адам жұмыс істеуде. Мұнда болашақта тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар, 280 орындық 2 балабақша, 1200 орындық мектеп, емхана, мұз сарайы, ұлттық мәдениет орталық, смарт-орталық және қонақүй салынбақ.

Депутаттар нысанды жоспарланған мерзімде салып бітіріп, уақытында тапсыру қажеттігін атап өтті. Құрылыс жұмыстарын кешеуілдетуге ешқандай негіз жоқтығын да айтты. Себебі, баспанаға мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеу маңызды жұмыс. Сондай-ақ пәтерлердің бағасына, бөлмелердің шаршы көлеміне, жылу маусымына дайындық жайына алаңдаушылық білдірді. 

Облыстық  құрылыс басқармасы өкілінің айтуы бойынша, «Юбилейный» шағын ауданындағы пәтерлер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы шеңберінде сатылады. Бұл бағдарлама бойынша әкімдіктерге бастапқы жарналарды жергілікті бюджет есебінен ішінара субсидиялау тетіктерін қарастыру тапсырылған болатын. Осы бағытта жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаның жартысын қайтарып беру жөнінде әлеуметтік көмек қарастырылады.

            – Елбасының «7-20-25» бағдарламасының арқасында түрлі мамандық иелері өздерінің алғашқы үйлерін алып жатыр. Бұл үлкен қуаныш. Бүгіндері «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» Қазақстанда белсенді түрде іске асырылуда. Сондықтан Елбасы биылғы Жолдауында бес бастаманың маңызды ролін атап өтті, – деді «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

            Халық қалаулылары «7-20-25» бағдарламасының Қостанай облысында енді ғана іске асырылып жатқанын айтты. Бағдарламаның іске асуын жеделдету үшін нарықта тұрғын үйлерді көбейту қажет екен. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қостанайлық филиалы өкілінің айтуынша, «Юбилейный» шағын ауданында жыл соңына дейін 5 үй, соның ішінде 600 пәтер  іске қосылмақ.

-Бүгін біз «Юбилейный» шағын ауданындағы құрылыс барысымен таныстық. Президенттің тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау жөніндегі Жолдауда атаған тапсырмаларын іске асыру Қостанайда қарқынмен жүргізіліп отырғаны көрініп тұр. Облыста «7-20-25» бағдарламасына сұранысты арттыру үшін құрлыс компаниялардың санын көбейту керек. Себебі, қазіргі таңда құрлысқа арналған қаржылық қолдаулар көп. Нарықта бәсеке артқан сайын пәтерді төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік туады, – деп атап өтті мәжілісмен Сергей Симанов.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓