Арқалықтың қадамы нық
Арқалық тоғыз айды қорытындылады. Қала әкімінің кезекті аппарат жиынына әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы, қала әкімі аппаратының басшысы, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары, қала әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Арқалық қаласының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары» туралы «Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Наталья Гайдаренконың мәлімдеуінше, биыл «Алюминстрой» ЖШС құрылыс өнімінің өндірісі 2,2 есе өсті. Осылайша, металл өнімдерінің шығарылымы шамамен 81% -ға (167,4 тонна 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 92,6 мың тонна), бетон өнімдері 48% -дан астам (2165 тонна, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 1460 тонна) қиыршық тас – 47,5% -ға (56063 текше метр, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 38006 тонна), құрама бетон – 17,6% -ға (2839 тонна, 2017 жылы 2414 тонна).
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2018 жылы 3 млрд. 257,3 млн. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда (3 млрд. 106 млн. теңге) 104,9% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 103,8% құрады.
Құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексінің өсуіне – 107,5% (ағымдағы бағамен 1 млрд. 202 млн. теңге, 2017 жылғы 9 айда 1 млрд. 566 млн. теңге) қол жеткізілді.
Сауда саласында бөлшек сауданың нақты көлем индексі 101,8%. Бөлшек тауар айналымының көлемі 9,4% -ға артып, 3 млрд. 617 млн. теңгені құрады.
2018 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша қаланың халқы 41 425 адамды (2017 жылғы 1 қыркүйекке 411351 адам) құрады.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қала тұрғындарының табиғи өсімі артып, 550 нәресте дүниеге келген.
Әлеуметтік қорғау саласында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,8% немесе 441 жұмыссыз (2017 жылғы 9 айда -1,7%) құрады.
Есептік кезеңде жаңа және бос жұмыс орындарына 860 жұмыссыз (20177 жылдың 9 айында 614 адам) жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту шараларымен 1277 адам қамтылды.
Құқық тәртібінде қаладағы тіркелген қылмыстардың жалпы саны 6,7% -ға немесе 28 іске төмендеген. Атап айтқанда: алаяқтық 11 жағдай немесе 55% (20-дан 9-ға дейін), тонаушылық 4 жағдай немесе 30% -да (13-тен 9-ға дейін), есірткіге байланысты қылмыстар 2 жағдай немесе 8% (24-тен 22-ге дейін), кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 2 жағдай немесе 33% (6-дан 4-ке дейін) азайған.
Есеп беру кезеңінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының аясында 7 білім беру мамандарына (Ашутасты, Родина және Фурманов ауылдарында) тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 17 млн теңгеден астам несие берілді. Сондай-ақ, осы сала мамандарына жалпы сомасы 1 млн. 683 мың теңгеден асатын 10 көтерме жәрдемақы төленді.
Қала әкімі Эльдар Күзенбаев көрсеткіштерді барлық сала бойынша көтеріп, нақты жұмыс жүргізуді тапсырды.
Мұрат Жүнісұлы