Үздік ұйым атанды
Рудный қаласындағы мүгедектер қоғамы облыстық ішкі саясат басқармасының «Ең үздік ҮЕҰ» атаулы номинациясына ие болды.
Конкурсқа мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне ат салысып жүрген 8 ұйым қатысты. Қостанай қаласының оқушылар сарайында өткен марапаттау рәсімінде бірлестік жетекшісі Санаш Есжановқа дипломмен қатар мультимедиялық проектор табысталды. Құрылғанына тура 25 жыл толып отырған бірлестік жүздеген қамкөңіл жанның жүрегіне үміт сәулесін ұялатып, қоғамның тең мүшесі ретінде сезінулеріне бар күшін салып келеді.