Мал шаруашылығы базасы өртенді

Төтенше жағдай күні кеше Науырзым ауданында болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.1487071641_001Алапат өрт Бревестник ауылынан 25 шақырым жерде сағат 5.30-да басталған. Жеке шаруа қожалығына тиесілі мал базасы отқа оранды.
"Өрт 600 шаршы метрді қамтыды. Бес сарай, аумаққа оқшаулап тасталған кішігірім шөмелелі шөп және орама қамыстар өртенді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін бір ат және төрт бұзау өлген", – делінеді ТЖД хабарламасында.
Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓