Мұз сарайы ашылды

Қаламыздаға Юбилейный шағын ауданында 2500 орындық мұз айдыны спорт сарайы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және Қазақстан хоккей лигасының (QHL) Басқарушы директоры Андрей Сачук қатысты.
– Елімізде бұқаралық спорт жақсы дамып келеді. Соңғы екі жылда облысымыздың қалалары мен аудандарында 8 жаңа спорт және дене шынықтыру кешені ашылды. Қаламыздағы жаңадан салынған шаңғы базасы республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуде. Спортқа көңіл бөлгеннің арқасында облыс көлеміндегі 300 мыңға жуық халық, 80 мыңға жуық бала тұрақты түрде спортпен айналысуда. Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 7 мыңнан астам бала тегін үйірмелерге барып жүр. Оған облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Жиырма жыл бұрын салынған ескі мұз сарайы ескеріп, барлық талапқа сай емес еді. Жаңа сарай барлық жағынан лайықты. Енді өз жерімізде барлық жарыс түрлерін өткізе береміз. Құрылысқа үлес қосқан инвестрорларға алғысым шексіз. Мұз сарайы наурыз айынан бастап толыққанды жұмыс істейтін болады, – деп Архимед Мұхамбетов баршаны бүгінгі шарамен құттықтады.
Бүгінгі салтанатты шараға КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, шайбалы хоккейден КСРО-ның 10 дүркін чемпионы Сергей Макаров пен Еуропалық хоккей лигасының (EHL) Бас хатшысы, шайбалы хоккейден ірі халықаралық іс-шаралардың ұйымдастырушысы, соның ішінде түнгі Хоккей Лигасы мен «Әлем жұлдыздары» және «Ресей аңыздары» командалары арасындағы Байкал көліндегі бірегей матчты ұйымдастырушы Александр Третьяк та арнайы келді.
Мұз айдыны спорт сарайының ашылуында Қазақстан Республикасы жастар хоккей лигасының тұрақты қатысушылары – Петропавл қаласының «Құлагер» және Рудный қаласының «Горняк» командалары арасындағы жолдастық матч болды. Көрермендер мәнерлеп сырғанаушылар мен шорт-трекистердің көрсетілімдерін, жарық шоу мен қолдау тобының қойылымдарын қызықтады.
Суретті түсірген Б.Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓