Жолдау түсіндірілді

     ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы республикалық ақпараттық түсіндіру тобы аясында  Қостанай облысы Затобол кентіне барды.DSCN2581
Аудандық мәдениет үйіне жиналған қауыммен жүздесуге  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы Салауат Сыйлыбайұлы бастаған топтың құрамында зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары мен өзге де белсенді азаматтар келді. 
      Айгүл Амантайқызы Елбасы Жолдауындағы міндеттерге кеңінен тоқталды. Ол биылғы Жолдаудың елдің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына ықпалы зор екенін, ондағы міндеттердің орындалуына барша қазақстандықтардың бірлікпен үлес қосуы керектігін айтты. 2019 жылдың  жастар жылы болып жарияланғанына тоқталып, бұл бағытта жастарға үлкен сенім артылатындығын әңгіме қылды.
     Кездесу барысында білім саласындағы жемқорлық мәселесі де сөз болды. Жолдауды түсіндіру бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері елдің өтініштері мен пікірлерін тыңдап,  Жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салды.
     Сондай-ақ, негізінен кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту, мектептер мен балабақшалар салу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жастарды қолдау мәселесі көтерілді.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓