Сенаторлар студенттермен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Елбасы Жолдауын насихаттау үшін Қостанай облысына келді. Сенаторлар әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде болып жастармен кездесті.44250853_206642040253962_5556831221595504640_n
Қос сенатор Қостанай мемлекеттік университеті жанынан құрылған әскери кафедраның тыныс-тіршілігімен танысты. Халық қалаулылары мұнда жолдауда айтылған бағыттардың қалай орындалып жатқандығына баса назар аударды. Мұнда әскери білім алушыларға  Қазақстанның  қорғаныс  саласының   білікті  мамандары  дәріс оқиды. Кабинеттер барынша жабдықталған. Темірдей тәртіп орнатылған. Студенттердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді дарытуға ерекше мән беріледі.
-Әскери кафедра екі жыл бұрын ашылды. Әскери тәлім алғысы келетін студенттер көп. Бәрі отан алдындағы борышын өтеуге асық. Тәртіп болған жерде сапалы білім де болады. Сондықтан, шәкірттерді барынша әмбебап етіп шығарғымыз келеді. Олар Қазақстанның шарықтап дамуы үшін аянбай еңбек ететін болады,-дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Хусейн Уәлиев.
Әскери кафедраның жұмысын жоғары бағалан депутаттар «цифрлы хаб» қабырғасында студенттермен жүздесіп, Елбасы жолдауында  айтылған басым бағындаттарды баяндап берді.
Биылғы жолдауда Президент  жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмыс сапасы түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішімен бағалануы тиіс екенін атап өткен болатын. Тиісінше Білім және Ғылым министрлігі осы тапсырмаға сай келешекте арнайы бағдарлама әзірлейтін болады.   
Елбасы биылғы Жолдауында білім сапасына аса көңіл бөліп, оны көтерудің нақты жолдарын да көрсетті. Өйткені, болашаққа жасалған жоспарды жүзеге асыру білікті мамандардың ғана қолынан келетін шаруа. Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша оқу орындарының басшылары халық қалаулыларына сұрақтарын жолдады.
Жалпы, Жолдауда айтылған мақсаттарға 1,2  трлн теңге жұмсалады. Депутаттар студенттерге Жолдаудың маңызын түсіндірумен қоса, оларды жақсы оқуға, білгір маман болуға шақырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓