Халық қамы – басты назарда

Бүгін Қостанайға ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин іс-сапармен келді. Ол ұшақтан түсісімен әуежайда аз-кем аялдады. Оның себебі де жоқ емес. Тобыл өңірінің әуе қақпасына келесі жылы күрделі жөндеу жасалады. Ауқымды жобаға республикалық бюджеттен 15 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалатын болады. Қазір құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттары дайын.IMG_5285
IMG_5301Үкімет басшысының бірінші орынбасары нысанның жаңа үлгісімен танысып,  жобаның жай-жапсарын сұрап білді. Әуежай бастығы Юрий Ким құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілетіндігін, алғашқы кезекте  лайнерлердің ұшу-қону жолақтары кеңейтілетіндігін баяндады.
–  Тек ұшу-қону жолақтарын ұзарту үшін ғана 10,6 млрд.теңге қажет. Ал ғимаратты қайта жаңғырту 5 млрд.теңгеге  бағаланып отыр,-деді Юрий Ким.
Оның айтуынша, әуежай халықаралық стандартқа толық жауап беретін болады._MG_5371-Әуежай үстіміздегі жылы 140 мыңдай адамға қызмет көрсетті. Жаңа нысан ел игілігіне айналғанда сағатына 300 жолаушы қалаған бағыттарына ұша алады,-деді ол.
Ал Асқар Мамин ең бастысы әуежай қызметін мейлінше жетілдіре түсу қажеттігін баса айтты.
– Қостанай әуе қақпасының мүмкіндіктерін жан-жақты пайдаланған жөн. Қосымша рейстер ашу қажет. Жүк тасымалын да қарастырыңыздар.  Барлық жолаушылар үшін лайықты жағдай туғызуды да ойластырыңыздар.  Бәрі қолжетімді болғаны дұрыс. Қалайда, әуежайдың жаңа кейіпке енуіне аз инвестиция тартылып отырған жоқ, ол өзін-өзі ақтауы тиіс,-деді Үкімет басшысының орынбасары._MG_5389
_MG_5405«Бұған дейін нысан сапасының төмендігіне  байланысты Мәскеу бағыты кейінге шегерілді. Әуежайды қайта қалпына келтіргенде жаңа әуе бағыттары ашылатын болады»,-деді облыс әкімі Архмиед Мұхамбетов.
Мәртебелі мейман бұдан соң сол маңдағы құрылыс қарқынды жүріп жатқан «Әуежай» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарымен кеңірек танысты. Жалпы, облыс орталығында тұрғын үй салу жұмысы күш ала бастады. Қостанайдың іргесіндегі «Юбилейный», «Северный»,  «Южный» тәрізді шағын аудандарында көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін инженерлік-коммуникациялық жүйелер тартылып, заманауи үлгідегі зәулім үйлер бой көтеріп жатыр.  Ал «Қонай» шағын ауданында жекеменшік баспана саламын деушілерге жер телімдері беріледі. Бүгінде қалада жер телімін алуға он жеті мыңнан астам адам кезекте тұр. Жоба «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүзеге асады._MG_5354
_MG_5500
_MG_5477Алдағы төрт жылдың бедерінде 1 млн. шаршы метр аумақта 15 мыңнан астам пәтер салынады. Яғни, қала аумағы барынша ұлғайтылып, заман талабына сай үйлер тұрғызылмақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова мен қала әкімі Базыл Жақыпов жан-жақты айтып берді.
_MG_5519
_MG_5517
_MG_5509
Асқар Мамин сондай-ақ, «АграмашХолдинг» АҚ-ында және «ЕвразКаспианСталь» серіктестігінде болды. Соңыра ҚР Премьер министрдің бірінші орынбасары кеңейтілген кеңес өткізіп, ауқымды мәселелерді шешу жолдарын талқыға салды. Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар._MG_5326
IMG_5331
IMG_5289
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓