Отан – отбасынан басталады

"Нұр Отан" партиясы "Бақытты отбасы" жобасын қолға алды. Оның басты мақсаты сол, қоғамдағы отбасы институттарының қанатын қатайту, отбасылық құндылықтарды әдіптеу арқылы рухани һәм өнегелі істерді паш ету.
Партияның доктринасына сәйкес, отбасы-біздің қоғамымыздағы  маңызды институттардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, балаға қамқорлық, өзара қарым-қатынас дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге ұмтылу тәрізді тәрбиенің озық үлгілері қалыптасады.
Жобадағы негізгі тетіктердің бірі-отбасыларға профилактикалық көмек көрсету. Нұротандықтардың сөзінше, отбасы   –  социализацияның ең маңызды құралы ретінде тәлім-тәрбие мәселесіне ықпал ететін бірден-бірден құрылым.  
Сондықтан, "Нұр Отан" партиясының қалалық бөлімшесінде психологтар "Бақытты отбасы" жобасының аясында  мұқтаж отбасыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетті.
Әлібек   
       ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓