Бәрі де мүмкіндігі шектеулі жандар үшін
Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Тұмар» мейрамханасында «Қайырымдылық айлығы» аясында «Қайырымдылық лигасы» еріктілер клубы «Жан жылуын сыйла» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ән кешін өткізді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шетеулі жандарға моральдық қолдау көрсету, оларды мәдени-сауықтыру шараларына тарту, шығармашылық қабілеттерін көрсетулеріне себепші болу.
Ән кешіне Қостанай қаласында тұратын 25-ке жуық мүмкіндігі шектеулі адам қатысты. Кеште караоке викторинасы және фуршет ұйымдастырылды.
Өнер кешіне қаламыздағы белгілі өнерпаздар белсене ат салысып, ізгі шараға үн қосты.
Әсел Қибаш
Суретке түсірген Бағдат Ахметбеков