Пошташыларға құрмет

Бүгін, яғни 9 қазан – халықаралық пошташылар күні. Осыған орай, “Қазпошта” АҚ Қостанай облыстық филиалында аудан және қалалардан келген пошта қызметкерлері үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
пошта2
Салтанатты шара барысында “Қазпошта” АҚ-тың облыстық филиалының директоры Е.Төребекова әрдайым халықтың ортасында жүрген сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбастарына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.
-Қашанда халықпен жұмыс істеген соң сенімнен шыға білу керек. Осы орайда, біз де заман талабына сай сол мақсат-мүддеден шығып, қызмет істеудеміз.
Осы жолда аянбай қызмет жасап жүрген барлық әріптестеріме өз мақсаттарына жете беру үшін үлкен күш-жігер, табыс тілеймін, – деді Елена Төребекова.
Мерекелік шара аясында пошта қызметіне елеулі еңбек сіңірген азаматтарға “Алтын көгершін” сыйлығы табыс етілді. Марапат он номинация бойынша берілді. Әр номинацияда төрт үміткерден. Сонымен, “Ең үздік қала пошташысы” аталымын жітіқаралық Алмаш Мұқанова жеңіп алса, Жанкелдин аудандық пошта торабының қызметшісі (Ақкөл ауылы ) Света Ибжарова “Ең үздік ауыл пошташысы” атанды. Сондай-ақ, “Үздік сұрыптаушы”, “Үздік байланыс операторы”, “Үздік инкассатор”, “Үздік фельдъегерь” сынды аталымдар да өз иелерін тапты. Бәріне мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
пошта кыз
пошта3пошта4пошта1
пошта5
торт

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓