Халықаралық әуе рейстері ашылады

Қостанайдың халықаралық әуежайында жаңа рейстер ашылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұловқа сілтеме жасап. авиарейсҚостанайдың халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстарға 4,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, әуежай көлемді жүк борттарын жеткізіп, қабылдай алатын мүмкіндікке ие.
«Ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының аяқталуымен әуежайда жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік алдық. Енді жазда ғана емес, қыс айларында да «Қостанай-Ганновер(Германия)» бағытында ұшуға болады. Бұл туралы Air Astana компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Осы әуе жолының ашылуы қостанайлықтар үшін жақсы жаңалық болары сөзсіз», – деді Бақытбек Есенғұлов.
Басқарма басшысының айтуынша, алдағы уақытта Шымкент-Қостанай-Екатеринбург рейсі ашылады. SCAT Airlines әуе компаниясымен келісім жасалып жатыр. Сонымен қатар, қостанайлықтар Ақтөбе мен Атырауға тікелей ұшуы мүмкін. Себебі, аталған бағыттарға халықтың сұранысы жоғары. 
Айта кетейік, әуежай қыркүйек айына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің балансында болып келді. Аталған нысан жақында республикалық меншік тізімінен алынып тасталып, коммуналдық меншікке өтті.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓