Бәйге маусымы аяқталды

Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромына жиылған жұрт қарасы қалың. Себебі, мұнда 2018 жылғы ат спорты маусымының соңғы бәйгесі ұйымдастырылды. Аламан басталмай тұрып,тұрғындарға әуесқой спортшылар «Қыз қуу» ойынын көрсетті. Сондай-ақ, қостанайлықтар «Теңге ілу», «Жамбы ату» сияқты ұлттық спорт ойындарын тамашалады.
DSC_9635
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильямстің сөзінше, жыл қорытындысына арналған ат спорты ойындарына 50 сәйгүлік қатыстырылды. Оның ішінде аламан бәйгеге бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен барлығы 14 тұлпар әкелінді.
Солардың ішінен қарағандылық Мұрат Есмағанбетовтың арғымағы мәрені бірінші қиды. Осылайша, М.Есмағанбетов Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» машина зауытынан шыққан JAC маркалы автокөлікті мінді.
– 2018 жылы Қостанайда ұлттық спорт түрлері мектебі ашылды. Онда 100 шақты оқушыға ат спортының қыр-сыры үйретіледі. Биыл мектептерде бірінші рет ұлттық ат спорты түрлері бөлімі жұмыс істей бастады. Сол үшін жылқылар сатып алынды, – дейді Евгений Вильямс.
Енді Қостанайдағы ұлттық спорт мектебінің тәрбиеленушілері келесі жылы ат спорт маусымына қатыспақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓