Кәсіби мерекемен құттықтады
Қазан айының алғашқы жексенбісі халықаралық ұстаздар күні ретінде аталып өтіледі. Мұғалімдер мен білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.



– Қадірлі еңбек ардагерлері, құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың атынан мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ағартушы, жерлесіміз Ы.Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық. Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Ағартушы салған дара жол қазақ халқын өркениетке жетеледі. Оның ізін тәуелсіз Қазақстанның ұстаздар қауымы абыроймен жалғап келеді. Қазіргі таңда елімізде білім беру саласын жаңғырту, оқу мазмұнын жаңарту жұмыстары кең ауқым алды. Білімнің сапасы, қолжетімділігі және тиімділігі осы саланың негізгі басымдықтары болып отыр,-деді М.Жүндібаев өз сөзінде.


Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.