“Ертіске” есе жіберді

Қостанайдың "Тобылы" өз алаңында Павлодардың "Ертісін" қабылдады. 
Кездесу басында алаң иелері есеп ашатын сәтке ие болды. Азат Нұрғалиевтің әдемі пасын қабылдап алған Максим Федин соңғы сәтте мүлт кетті. Мұнан соң Джаба Канкаваның соққысы қақпашы Никита Калмыковтың қолынан қайтты. Тайм соңына қарай Бауыржан Тұрысбек, Азат Нұрғалиев, Дмитрий Мирошниченколар соққы жасап көрді. Нәтиже жоқ. Есеп 0:0.
Екінші таймда Марек Зуб алаңға Таңат Нөсербаевты шығарды. Ол Бауыржан Тұрысбекті алмастырды. Турнир кестесінің соңғы сатысында тұрған "Ертіс" бар күшімен шабуылға шығып жатыр. Ал қостанайлықтар өарымта шабуылдарға иек артуда. Соның нәтижесінде Таңат Нөсербаев таразы басын теңестірді. Шабуылшы сол қапталдан асырылған пасты қажетіне жаратты. 
Қостанайлықтардың қуанышы ұзаққа бармады. Тыңнан шыққан Марат Быстров Павлодар шабуылшысын шалып жықты. Пенальти! Стаменкович нүктеден қателеспеді. 1:2!
 
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓