Арман ХАСЕН, “ССКӨБ” АҚ ақпараттық орталығының басшысы:

А Хасен"Қостанай таңы" газеті – қазақ оқырманы үшін маңызы зор беделді басылым. Себебі, халықтың мұңын мұң-дап, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналған байырғы басылымның ақпаратты тарату мен патриоттық тәрбие берудегі ролі ұшан-теңіз. Қашанда оқырманымен біте қайнасып жататын басылым қабырғасы қаланған алғашқы күннен бастап осы үдеден шығып келеді десек, артық айтқаным болмас. Газет бетінде көтерілген әрбір мәселе, әрбір тақырып, әрбір жаңалық – оқырманның ой-елегінен өтіп, қоғамдық пікір қалыптастыратыны айқын. Мен "Қостанай таңының" әрбір санын жібермей, мүмкіндігінше бастан-аяқ оқып шығам. Өзіме қажетті ақпаратты алып, әріптестеріммен ой бөлісемін. Рудный қаласында қазақ халқының үлес салмағы күн санап артып келеді. Сондықтан газетті қолдап, оған жазылушылар саны да бірте-бірте артып, оқырман көңілінен шығатын келелі ойға толы кемел деңгейге көтеріле береді деген сенімдемін.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓