Түнгі клубта полицейлер төбелесті

Қостанай облысы ІІД полиция сержанттары «Де Марко» клубында төбелес шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.мент
Оқиға Қостанайдағы «Де Марко» түнгі клубында 2 қазан күні түнде болған. 4 ер адам клуб фойесінде төбелесіп қалған. Аталған оқиға туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жігер Сәрсенов ресми мәлімдеме берді.
«Жанжалға үш полиция сержанты мен ІІД бұрынғы қызметкері қатысқан. Төбелес кезінде пышақ қолданылмаған. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ж.Сәрсенов агенттік тілшісіне.
Облыстық ІІД аталған жайтқа қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде, төбелеске қатысқан қызметкерлер облыстық ІІД бастығының бұйрығымен жұмыстан шығарылды.  

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓