Жылу берілді
Рудныйда жаңа жылу маусымы басталды. Жоспарланғандай, апта басында бірінші болып әлеуметтік нысандарға: медициналық мекемелер, білім беру ұйымдары мен мәдениет ошақтарына жылу беріле басталды. Жылу-электр орталығының директоры Олег Әбілқайыровтың айтуынша, жұма күні қала мен Қашар кентінің тұрғын үйлері де жылыту жүйесіне қосылмақ.
Айта кетейік, биыл «ССКӨБ» АҚ меншігіндегі кәсіпорында үлкен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Барлық сынау және жөндеу жұмыстары уақытында аяқталып, көмір қоры толықтырылды. Сол себепті, биылғы қысқа Рудный толықтай дайын деуге негіз бар.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ