Аңшы жоғалып кетті

Тəртіп сақшылары, еріктілер мен туған-туысқандары 8 қазан күні жоғалып кеткен Боровской ауылының тұрғынын іздеуде. 20171010152606Əлеуметтік желідегі «ИНФОРЕСУРС Боровское» парақшасының жазуынша, кәсіпкер Александр Коржавин 78 жастағы досы Николай Вещиковпен бірге үйрек атуға шыққан. Күндізгі сағат 13:00 шамасында олар мінген қайық аударылып кетеді. Вещиков қайықты су жағасына шығарады. Қамыстың арасында болғандықтан ер адамдар бір бірінен көз жазып қалған.
Вещиков ТЖ бөліміне хабарласады. Құтқарушылармен бірге əкімдік қызметкерлері мен Коржавиннің туыстары іздеуге кіріседі. Олар бір түн бойы іздеп, кәсіпкерді таба алмаған. Ал келесі күні ҚР ІІМ жедел құтқарушылар жасағы іздеу тобына қосылған. Сондай-ақ, иісшіл иттер де əкелінген.
Əзірге кəсіпкердің қаруы мен жеке заттары ғана табылды. Іздеу жалғасуда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓