Түрмедегі түрлі кәсіп

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Қостанайдағы УК 161/12 түзеу мекемесіне барып, жазасын өтеушілерді кәсіпке тарту бойынша кездесу өткізді. Бүгінде УК 161/12 түрмесіндегі 200 сотталғанды Әділет министрлігіне қарасты «Еңбек – Қостанай» шаруашылық жүргізу кәсіпорны жұмыспен қамтып отыр. Оның сыртында түзеу мекемесінің шаруашылық ғимаратын 15 серіктестік жалға алады. Мұнда тек жазасын өтеушілер ғана жұмыс істейді. Марат Жүндібаевтың айтуынша, темір тордағыларды еңбекпен қамтып, кәсіпке үйрету олардың бостандыққа шаққаннан кейінгі өмірлеріне оң ықпалын тигізеді.
IMG_0012
– Облыс түрмелерінде 3 колледж жұмыс істейді. Оның бірі – Әулиекөлде, екеуі – Қостанайда. Жұмыспен қамтылғандар кемі 28 мың теңге жалақы алады. Орташа жалақы 42 мың теңгені құрайды. Кәсіппен айналысатын жазасын өтеушілерге барлық жағдай жасалды. Қазірдің өзінде киізлер жасап, киім тігеді, ағаш өнімдерін шығарады. Облыс орталығындағы жеке кәсіпкерлер де түрмеде іс жүргізуге қызығушылық танытып отыр. Себебі, бұл тәсіл екі жаққа да тиімді. Кәсіпкерлер арзан бағаға орын жалдап, кәсібін дөңгелетсе, сотталғандар жұмысы үшін ақша табады. Бастысы бұл түрмедегілерді жақсы бағытқа тәрбиелейді. Бостандыққа шыққан соң бастаған істерін жалғастыруға мүмкіндік алады, – дейді Марат Жүндібаев.
IMG_9857
Түзеу мекемесі аумағында 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Ағаш, темір өңдеу, шлакоблок, брусчатка, метал лбұйымдарын жасайтын цех ашылды. Кешкі мектеп жұмыс істейді. 70-ке жуық адам білім алады. Құрылыс және тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің мамандары сабақ береді. Сотталғандардың барлығы жұмыс берушілермен келісім-шартқа отырған. Кейбірі тапқан пайдасын жақындарына жібереді.
– Түзеу мекемесі жанында шағын тігін цехтары, ұсталық шеберханалар мен наубайханалар бар. Тек наубайхананың өзі қаладағы 20 азық-түлік дүкенін нанмен қамтамасыз етіп отыр. Бір тәулікте 2700 бөлке нан пісіреді. Бұған қоса «Адлер-KST» серіктестігі  астық өңдеумен  20 жылдан бері айналысып келеді. Серіктестік құрамында 21 жазасын өтеуші бар. Олар бұршақ жармасын Тәжікстан, Ауғанстан, Иранға экспортқа шығарады, – деді УК 161/12 түзеу мекемесінің бастығы Құмарбек Ибраев.
IMG_9938
Марат Жүндібаев айтқандай, жазасын өтеушілердің сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан білім басқармасымен келісе отырып, түзеу мекемесінде қосымша пәндер оқытылады.  

You may also like...

1 Response

  1. Kasiet айтты:

    Ооо тоба, не куанарымды не куанбасымды білмей отырғаным?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓