Амантоғайға ауызсу келді

Қос ауданның тоқсан жылдық торқалы тойына барған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылына ауызсу тартып берді.IMG_7111Жалпы, Аманкелді ауданында мемлекеттік бағдарламалар жақсы жүзеге асып келеді. Мұндағы Амантоғай және Жалдама ауылдарына орталықтандырылған таза ауыз су құбыры іске қосылды. Бұрын осындағы Кеңес Одағы кезінде салынған су құбырының әбден тозығы жеткен-ді. IMG_7129Су тартқыш құрылысымен Арқалық қаласындағы «Аллюминстрой» ЖШС жауапкершілігі айналысты. Құрылыс жұмыстарына бір жылға жуық уақыт жұмсалды. Жоба елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жалпы құны – 480 млн теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен 432 млн 714 мың теңге, облыстық бюджеттен 48 млн 79 мың теңге қаражат бөлінген.
Жүргізілген құбырдың ұзындығы – 22 шақырым. Аманкелді ауданының құрылғанына 90 жыл толуы мерейлі мерекесі кезінде орталықтандырылған су құбыры салтанатты түрде ашылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл жұмыстың, су тартқыш құрылғылардың өте сапалы жасалғанын айтты. Ашылу салтанатына белгілі академик Кенжеғали Сағадиев қатысты.IMG_7153
IMG_7146-Елді мекендер үшін ауызсу мәселесі өте маңызды. Елбасы тапсырмасымен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету ісі атқарылып келеді. Сапалы атқарылған жұмысы үшін мердігер ұйымға ризашылығымды білдіремін. Жалпы, Аманкелді, Есір, Амантоғай және Үрпек ауылдарына су құбырын тарту үшін 2 миллиард теңге бөлдік. Жол да салынды, ауызсу бар, 15 қазан күні Арқалықта ет комбинаты ашылады. Мұның барлығы ауыл тұрғындары үшін. Атқарушы билік органдары шалғай ауылдардың жағдайын үнемі назарда ұстайды», – деді Архимед Мұхамбетов. IMG_7139Амантоғай ауылдық округі әкімі Жұманияз Ілиясовтың сөзінше, ескі құбыр кезінде тұрғындар күніне бір-бір жарым сағат қана су алатын, енді үйге тәулік бойы мөлдір су келіп тұр.
Ауыл тұрғындары атынан ақын Бүркіт Бекетов сөз сөйлеп, құрылғыны іске қосты. Бұл рәсімнен соң қонақтар Амантоғай суынан дәм татты.
IMG_7166
IMG_7191«Ауызсудың сапасына бас мән берілді. Құрылғылар автоматтандырылған. Су өткізгіштер де бүгінгі күннің талаптарына жауап береді. Су сорғыш құрылғының ұзындығы 1,6 шақырым. Су бар, жол салынды. Осы жаңалықтарды естіп, ауылымызға көшіп келушілердің қатары көбейе бастады», – деді ауыл әкімі.
Заманауи су тартқыш 238 үйді, 9 нысанды ауызсумен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓