Аудан атауы өзгерді
Бүгін Таран ауданы мәдениет үйінде тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Басты тақырып – Таран ауданының атауын өзгерту. Бірнеше сағатқа созылған жиын нәтижесінде ауданды Бейімбет Майлин есімімен атау шешімі қабылданды. Енді бұл мәселе республикалық ономастикалық комиссияда қаралады. Осы күні Таран ауданындағы Таран ауылына Әйет есімін беру мәселесі де талқыланып, тұрғындар тарапынан оң шешімін тапты.
Айта кетейік, бұған дейін газет сайтында Қостанайда «Ономастикалық жаңғыру – рухани жаңғыру кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткенін хабарлаған болатынбыз. Конференция барысында Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай Ақкөл ауылына ұлт көсемінің есімі берілгені, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай Таран ауданына атын беру, Жеңіс күні қарсаңында облыс орталығындағы көшелердің бірін ҰОС ардагері қостанайлық Естай Ещановтың есімімен атау ұсыныстары қаралып жатқаны жария етілді.