ТОРҒАЙ ТӨСІНДЕГІ ТОЙ
Бүгін Жангелдин ауданының 90 жылдық торқалы тойы басталды. Дүбірлі думан аясындағы іс-шаралар толассыз өтуде. Торғайлықтардың төл мерекесіне елдің әр қиырынан көптеген мейман келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те арнайы барды.
Аталмыш аудандағы тілшіміздің хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта аймақ басшысы және Төлен Әбдік, Кенжеғали Сағадиев, Сапар Ысқақов, Сайлау Байзақов бастаған белгілі тұлғалардың қатысуымен "Торғай елі – тұлғалар мекені" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Сондай-ақ, қазақ күресінен, "Торғай әуендері" ән байқауынан республикалық жарыстар жалғасып жатыр. Ұлттық спортқа автокөлік тігілген.
Оның жеңімпаздары және жалпы тойдың өту барысы, қорытындысы туралы кейінірек толық ақпарат беріледі.
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев