Құрылыс қыркүйекте аяқталады

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласындағы Жылу-энергетика орталығының құрылыс барысын тексерді. Сондай-ақ, осы жобаның мердігерлерімен және инвесторларымен кеңес өткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Арқалық ЖЭО құрылысы 2019 жылы басталған. Жаңа нысан салудағы мақсат – мазуттан бас тартып, көмірмен жылытуға көшу. Нысан осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Бүгінде бас корпустың металл құрылымдарын, су жылыту қазандықтарына арналған желілерін, екі циклон және екі ауа жылытқыш құрылғыларын монтаждау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ негізгі екі су жылыту қазандығының конвективті бөліктері және басқалары орнатылған. Мұның сыртында, осы жылы түтін құбырын жаңарту жоспарда бар.
Осы орталыққа 48 030 тонна көмір сатып алу үшін облыстық бюджеттен 500,0 млн теңге бөлінгенін де айта кету керек.
Өңір басшысы жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓