Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық дауыс беру барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланды.
Халық Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының жолын айқындайтын таңдау жасап, елдің сенімді болашағаның негізін қалады.
Қазіргі таңда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен тікелей тапсырмасы бойынша Қазақстанда мемлекеттік, салалық бағдарламалар, экономикалық және саяси реформалар іске асырылуда, бизнес қауымдастыққа жан-жақты қолдау көрсетіліп, тартымды инвестициялық ахуал қалыптастырылуда.
Биылғы жылы ел Президенті өз Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады, осылайша жаңарудың екі маңызды процесі – саяси реформалар мен экономиканы жаңғырту бастау алды.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының сүйемелдеуімен оның барлық басталған ауқымды экономикалық, саяси өзгерістер рухани-адамгершілік негізіне айналды.
Биыл Елордада әлемнің 100-ден астам елінің өкілдері қатысқан, Елбасының тағы бір жаһандық жобасы – Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің іске асырылу барысымен таныстық, бұл біздің Отанымызды халықаралық тұрғыда мойындау және оған сенім білдіру фактісі болып табылады.
Мемлекет басшысының саяси даналығы мен көрегендігінің арқасында, еліміз одан әрі қарқынды дамитынына сеніміміз зор.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, бақыт және мемлекетіміздің игілігі жолында жемісті еңбек тілеймін!
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов